Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті
Автор
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті.

Шара барысында орталықтың директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Алтынбекова Айгерім Маратқызы қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

Сонымен бірге, «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері Ақпаев Нұрсұлтан мен Оңғарбаева Қолқанат «Сен барда», «Армандайын, Өмір солай» әндерін орындады. №63 орта мектебінің оқушылары да ән-жырдан шашу шашып, қазыналы қарттарға жылы көңіл сыйлады.

Кеш соңында қарттарға арналып «Қарттарым асыл қазынам» атты кітап көрмесі ұсынылып, ардагерлер кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар