Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Сізге сыйлық бар!»: полиция жаңа алаяқтық схеманы әшкереледі

«Сізге сыйлық бар!»: полиция жаңа алаяқтық схеманы әшкереледі
polisia.kz
Қазақстанда алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа әдісін қолданып жүр, деп хабарлайды arainfo.kz

Олар адамның туған күнін біліп алып, телефон арқылы хабарласып, «Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы» деп сенімге кірмек болады. Әңгіме барысында жеке мәліметтерді сұрап, банк картасындағы қаржыны иемденуге тырысады.

Полиция азаматтарға мына жайттарды есте сақтауды ескертеді:

Жеке мәліметтерді ешкімге жария етпеңіз;

Карта нөмірі, CVV-код және бір реттік SMS-код – құпия ақпарат;

«Курьер» не «банк қызметкері» атынан хабарласқандарға сенбеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, анық-қанығын тексеріңіз;

Бейтаныс адамға ақша аудармаңыз;

Күмәнді жағдай туындаса, бірден банкке хабарласып картаңызды бұғаттаңыз.

Егер алаяқтарға алданып қалған жағдайда ең алдымен картаңызды бұғаттап, банкке хабарласу керек. Кейін дереу полицияға қоңырау шалу қажет.

Құзырлы орган тұрғындарды бұл туралы жақындарына, әсіресе ата-ана мен ата-әжелеріне ескертуге шақырады. Себебі көп жағдайда адамдар құпия деректерді өз еркімен айтып қояды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар