Қазақстанда базарлар жұмысына қойылатын талаптар күшейтілді
- author AR-AY
- 29 қыркүйек, 2025
- 14

Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, сауда қызметтерінің ұлттық стандарттары әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Санитарлық, өрт қауіпсіздігі, қала құрылысы, сондай-ақ сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қауіпсіздік пен жайлылық талаптарына бірыңғай нормалар бекітілді.
«Ішкі сауда және сауда базарлары қызметінің ережелері жетілдірілді. Жаңа редакцияда стандарттар мен нормаларды сақтау міндеттілігі, базар регламенттерін бекіту тәртібі, әкімшілерге қойылатын талаптар және жалдау шарттарын жасасудың бірыңғай тәртібі нақтыланды», – деді Ернұр Жәутікбаев.
Сонымен қатар, заңнаманың орындалуына бақылау күшейтілді. Тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтары қайта қаралып, базарларға 11 жаңа талап қосылды. Бұл шара тексерулердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі оқулықтар тарихқа кете ме? Қазақстанда мектеп бағдарламасы жаңаруда
- авторAR-AY
- 29 қыркүйек, 2025