Сондай-ақ түнде оңтүстікте және таулы өңірлерде, күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары күйінде сақталады.
Тараз қаласында 30 қыркүйекке қараған түні найзағай күтіледі.
1-2 қазанда облыс аумағында жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жауын-шашынның күшейуі ықтимал. Кей жерлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
1 қазан күні күндіз ауа температурасы 5-10° жылыға, таулы аудандарда 2° жылыға дейін күрт төмендейді.
2 қазанға қараған түні таулы және тау бөктерлі аудандарда 2° үсік күтіледі.
Тараз қаласында 1 қазан күні күндіз ауа температурасы 8-10° жылыға дейін төмендейді.
Төтенше жағдайлар қызметі Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.




