
Avvigo+ – бұл дәрігерге тамырды «ішінен» көруге және барынша дәл артерияның тарылу дәрежесін анықтауға, атеросклеротикалық бляшкалар мен кальцинаттарды табуға, стенттің диаметрі мен ұзындығын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін инновациялық жүйе.
Еуропа мен АҚШ-тың жетекші клиникаларында қолданылатын технология енді Тараз қаласындағы Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында енгізілді. Бұл – өңірде әлемдік деңгейдегі интервенциялық кардиологияға жасалған алғашқы қадам. Нәтижесі – жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың өмір сүру деңгейі мен сапасының артуы.
Соған орай жуырда Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында коронарлық тамырлардың күрделі зақымданулары кезінде тамырішілік ультрадыбыстық визуализация бойынша шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараға Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының рентген эндоваскулярлық хирургия бөлімінің меңгерушісі Алексей Колесников қатысты. Шеберлік сыныбы барысында сол жақ коронарлық артерия сабағының сын көтермес деңгейдегі зақымдануларында 3 операция сәтті жүргізілді. Avvigo+ қолданылуы стенттерді 100 пайыз дәлдікпен имплантациялауға, олардың толық жанасуын бақылау УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) кезінде растауға мүмкіндік берді. Барлық операциялар «Boston Scientifi»c компаниясының 60 Гц ТІУЗ датчиктерін пайдалана отырып жасалды.
Айта кетейік, операциялар облыс бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалымен жасалған келісім бойынша МӘМС қаражаты есебінен.тегін жүргізілді.