Қазақстанда медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру 20%-ға артты
- author AR-AY
- Бүгін, 11:07
- 17
Бұл өңірлердегі кадр тапшылығының азаюына ықпал етті.
Мәселен, 2023 жылы 1857 жас маман жұмысқа орналасса, 2024 жылы олардың саны 2271-ге жеткен.
Жыл сайын мемлекет бакалавриаттан докторантураға дейін медициналық мамандықтар бойынша 5 685 білім грантын бөледі. Білім беру тапсырысы негізінен ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кадр қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылады.
Сондай-ақ жас мамандарды өңірлерде тұрақтандыру үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, тұрғын үйге жеңілдікті несие мен кемінде бес жыл жұмыс істеген мамандарға ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде (8,5 млн теңге) біржолғы төлем беріледі. 2024 жылы мұндай төлемді 254 маман алса, 2025 жылы 529 медицина қызметкеріне берілген.
Жалпы, 2025 жылы 1 760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Нәтижесінде дәрігер тапшылығы ел бойынша 20 пайызға, ал ауылдық жерлерде 30 пайызға төмендеген.
Министрлік алдағы уақытта да түлектерді жұмыспен қамту және саланың кадрлық әлеуетін нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.




