Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Үндеу

Үндеу
Aulieata-media
«Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына қатысуға шақырамыз

Құрметті қазақстандықтар!

1 қазан – Халықаралық қарттар күні жақындап келеді. Бұл күн біздің аға буынға ризашылығымызды білдіріп, шынайы көңіл бөлуімізге мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қажеттіліктеріне назар аударуға жақсы себеп. Қарияларды қолдау, оларға қамқорлық көрсету аға буынға көрсеткен парызымыздың аз ғана бөлігі.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде елімізде «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлығы өткізіліп келеді. Қазақ халқының дәстүрінде үлкенді сыйлап, ақылын тыңдап, алдынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артуда.

Мемлекетіміз қарт адамдарға деген қамқорлықты экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Дегенмен, елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар бар.

Әлемді жайлаған экономикалық қиындықтар біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде.

Кейбір қариялар жасы ұлғайған шағында жылулық пен мейрімге зәру. Барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұлықтауға, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік» айлық акциясына атсалысуға шақырамыз.

Өз елінің патриоты ретінде акцияға бейжай қарамайтын азаматтар жергілікті әкімдіктермен, өңірлік ардагерлер кеңестерімен байланысқа шығып, үлестеріңізді қосыңыздар.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық

бірлестігінің орталық кеңесі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар