Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды

Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
Туризм және спорт министрлігі
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ есу арнасы ашылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен халықаралық стандарттарға сай бірегей спорт нысаны – Есу арнасы пайдалануға берілді.Кешен толықтай Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) мен Халықаралық академиялық есу федерациясының (FISA) талаптарына сәйкес келеді.

Ашылу рәсіміне арнайы келген ICF президенті Томас Кониеццко нысанға жоғары баға берді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, жаңа арна халықаралық жарыстарды қабылдауға мүмкіндік береді, ал қала тұрғындары үшін мұнда жағажай, футбол, волейбол және баскетбол алаңдары қолжетімді болмақ.

Кешеннің жалпы аумағы – 100 гектар, ұзындығы – 2,5 шақырым. Мұнда академиялық есу, байдарка мен каноэ бойынша Әлем және Азия кубогі сияқты ірі турнирлер өткізуге жағдай жасалған. Сондай-ақ спортшылар тұрақты жаттығу өткізе алады. Арна суы қаладағы суармалы жүйеге де қолданылады.

Қазір еліміздің 12 өңірінде есу спорты дамып келеді. Бұл спорт түрімен 6 мыңнан аса адам айналысады, оларға 174 жаттықтырушы жетекшілік етеді. Олимпиадада академиялық есу бойынша 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Жаңа нысан Түркістанның спорттық, туристік және экологиялық дамуына серпін беріп, ұлттық құрамаларды даярлаудың басты орталығына айналмақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар