Жаңалықтар
Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін
- author AR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
- 322
15 қыркүйектен бастап ақылы жолдарда төлем тәртібі өзгерді, деп хабарлайды arainfo.kz
Еліміздегі республикалық және халықаралық маңызы бар ақылы жолдарда жаңа ереже күшіне енді. Бұдан былай жолдың белгілі бір бөлігі жөндеуді талап етсе, сол учаске толық қалпына келтірілгенге дейін жүргізушілерден ақы алынбайды.
Мәселен, 100 шақырымдық ақылы жолдың 5 шақырымы ақаулы болса, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана төлейді.
Ұлттық оператор жолдардың жағдайын бақылап отырады. Жүргізушілер ақаулар туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарлай алады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 ақылы жол бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




