Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне өтті

Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне өтті
Depositphotos.com
Бүгіннен бастап елордадағы мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер мен квазимемлекеттік компаниялар жаңа жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды arainfo.kz

Жаңа тәртіпке сәйкес, әкімдік пен коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 07:30-дан басталады. Кей мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялар да жұмысын 07:30–08:00 аралығында бастайды. Соның арқасында қызметкерлер кешкі уақытта ертерек тарайды.

Ал жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Әкімдіктің дерегінше, жаңа кесте магистральдардағы таңғы және кешкі көлік ағынын 15–20 пайызға азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, тұрақ ережесін бұзғандарға бақылау күшейтіліп, көліктер айып тұрағына эвакуацияланады.

Бұдан бөлек, қалада қоғамдық көлікті дамыту жалғасуда: жаңа автобустар қатынасқа қосылып, бағыттар саны артуда, жолдар салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар