
Қазақстандықтар қазан айында 9 күн демалады, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады.
25 қазанда аталып өтетін Республика күні биыл сенбіге түседі. Сол себепті мерекенің демалысы 27 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде 5 күндік жұмыс аптасында істейтіндер қатарынан үш күн — 25, 26 және 27 қазанда демалады.
Қазан айындағы демалыс күндері:
4, 5 қазан (сенбі, жексенбі);
11, 12 қазан (сенбі, жексенбі);
18, 19 қазан (сенбі, жексенбі);
25, 26, 27 қазан (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Келесі мақала