
Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің демалыс аймағында жағалауды су шаю қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz
Құжатта көрсетілгендей, Қабанбай ауылдық округінде орналасқан демалыс үйлеріне залал келуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Әлия Нұрышқызы Сарбаева тағайындалды. Ал тиісті іс-шараларды ұйымдастыруды аудан әкімдігі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Советбекұлы Жақыпбаев үйлестірмек.
«Бүгінгі басты міндет — қирауға жол бермеу және демалыс нысандарының сақталуын қамтамасыз ету. Барлық қызмет дайындық режимінде тұр», — деді аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева.
Kazinform мәліметінше, жаз маусымында Алакөл жағалауына он мыңдаған турист келеді. Алайда жағалауды су шаю қаупі курорттың имиджіне әсер етіп, туристер ағынын азайтуы мүмкін.
Келесі мақала