Жаңалықтар
7 жыл бойы жасырынған экс-құқық қорғаушы Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:50
- 15

Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген бұрынғы құқық қорғау қызметкерін Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды arainfo.kz
Тергеу дерегіне сәйкес, ол 2015–2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысында басшылық қызметте жүріп, заңсыз ойын бизнесіне қамқорлық жасап, жүйелі түрде пара алған. Қылмыстан кейін шетелге қашқан ол 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.
2024 жылдың қаңтарында күдікті Түркияның Измир қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.
Бұған дейін қылмыстық топтың өзге мүшелері түрлі мерзімге сотталған. Заң бойынша экс-қызметкерге мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Келесі мақала