
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, бұл мерекенің ұлтты мейірім мен қамқорлыққа, өзара қолдауға және азаматтық жауапкершілікке біріктіретінін атап өтті.
Президенттің айтуынша, отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы ең алдымен шаңырақта басталады. Жақсы тәрбие алған ұрпақ елге еңбекқор, білімді және мәдениетті азамат болып өседі.
Тоқаев отбасылық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудың, ата-аналарды ардақтаудың маңызын ерекше атап өтті. Ол аналардың қоғамдағы рөлі мен әкелердің еңбегін қадірлеуге шақырды.
Президенттің сөзінше, отбасы институтын нығайту, ана мен бала құқығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
«Әр шаңырақта ырыс пен ынтымақ болса, еліміз де дамиды. Бұл – Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құрудың негізгі шарты», – деді ол.
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға амандық, денсаулық және табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Талас ауданында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда
- авторAR-AY
- 13 қыркүйек, 2025
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025