Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талас ауданында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

Талас ауданында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда
Автор
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Талас ауданы С.Шәкіров ауылындағы 4, Аққұм ауылындағы 3, Ойық ауылындағы 1, Ақкөл ауылындағы 2, Бостандық ауылындағы 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 212,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Сонымен қатар Ойық ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 111,1 миллион теңге және Үшарал ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғыртуға 141,2 миллион теңге бөлінген. Мердігер – «Компания Сырым Блеке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бүгінгі күнге нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Нысандар 2026 жылға өтпелі. Қазіргі танда ауданда 23 елді мекеннің 20-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2025 жылы Қожағаппар, Сейілбек елді мекендерінде су құбырының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне берілді. Қараой ауылында су құбырының құрылыс жұмыстарын аяқтауға 267,2 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Арал және Қайыр ауылдарын сумен жабдықтауға арналған модульдік контейнерлік блоктарын орнатуға облыстық бюджеттен 72,4 миллион теңге бөлініп, жұмыстар жалғасуда.

Ауданда 17 елдімекен (15100 адам) газдандырылған. Ол 15100 адам көгілдір отынның алауын жағып отыр деген сөз. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар