Жаңалықтар
Тарихи жетістік: қазақстандық студенттер EuroSkills-те 7 марапатқа қол жеткізді
- author AR-AY
- Бүгін, 12:44
- 1

Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатында – EuroSkills Herning 2025 жарысында 7 бірдей «Үздік медальонға» ие болды, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл еліміздің аталмыш халықаралық додада көрсеткен ең жоғары нәтижесі.
Чемпионатқа 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 үздік жас маман қатысты. Қазақстандық колледж студенттері веб-технологиялар, мехатроника, графикалық дизайн, CAD инженерлік графикасы, желілік әкімшілендіру сынды 25 құзырет бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздар қатарында:
- Мұхаметжан Ағыбай (веб-технологиялар, «Best of Nation» иегері);
- Артем Мочинский мен Данил Турапин (мехатроника);
- Бағыжан Қойшыбаев (графикалық дизайн);
- Данил Лапенко мен Глеб Сауленко (желілік әкімшілендіру);
- Бақдаулет Қуаныш (CAD инженерлік дизайн).
Ұлттық құрама жеңісімен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтап, бұл жетістік техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан EuroSkills чемпионатында 2 медальон иеленген болатын. Биылғы жетістік – еліміздің кәсіби білім беру саласы үшін тарихи көрсеткіш.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Талас ауданында "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда
- авторAR-AY
- 13 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025