Жаңалықтар
Қорқынышты костюм киіп, қызды әдейі шошытқан ер адам 10 тәулікке қамалды
- author AR-AY
- 21 тамыз, 2025
- 117
Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды arainfo.kz
Әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкерлері ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі қорқытқан видеосын анықтады.
Аталған оқиғаға қатысты 26 жастағы қала тұрғыны ұсталып, сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.




