Жаңалықтар
Жаңа оқу жылында 30 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады
- author AR-AY
- Бүгін, 16:17
- 13

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жаңа оқу жылында 30 980 педагогке арналған курс ұйымдастырмақ. Бағдарламалар бастауыш сынып мұғалімдерін, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән ұстаздарын қамтиды.
Сонымен қатар курстарда инклюзивті білім беру, педагогикалық көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық құзыреттілікті дамыту мәселелері қарастырылады.
Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері аталған орталықтың бағдарламаларына 39 мыңнан астам мұғалім қатысқан. Оның ішінде ауыл мектептері педагогтерінің үлесі 56 пайызды құрайды.