22 тамыздан бастап екі қалада жылдамдықты автоматты бақылау жүйесі қосылады
- author AR-AY
- Бүгін, 16:47
- 14

Павлодар облысында 2025 жылғы 22 тамыздан бастап көлік қозғалысын қадағалайтын «EkinBoxSpotter Павлодар» жүйесі жұмысын бастайды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Жүйе Екібастұз, Ақсу қалаларында және аудан орталықтарында орнатылған 60 аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы іске қосылады. Ол көлік құралдарының жылдамдығын автоматты түрде өлшеп, құқық бұзушылықтарды тіркейді, мемлекеттік нөмірлерді таниды және деректерді ҚР Бас прокуратурасының бірыңғай базасына жібереді.
Айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама электронды түрде рәсімделеді.
Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырып: «Жылдамдықты 10 км/сағ-қа арттыру аялдама қашықтығын ондаған метрге ұзартады. Қалада да, елдімекеннен тыс жерлерде де көлік жүргізу – үлкен жауапкершілік», – деп ескертті.