Ауыл шаруашылығы
Су ресурстарын қорғау жөнінде студент жастармен кездесу өтті
- author AR-AY
- Бүгін, 15:00
- 22
Су – тіршіліктің нәрі, қайнар көзі. Осы ретте бүгін Жамбыл облысында «Су ресурстары: бүгінгі әрекет – ертеңгі нәтиже» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің бірлесуімен ұйымдастырылып, су шаруашылығы саласында білім алып жатқан студент жастарды біріктірді.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Болат Сағынбеков арнайы қатысып, су ресурстарының азаюы мен ауыл шаруашылығындағы су тапшылығы мәселелері бойынша өзекті пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, жастардың сауалдарына жауап беріп, еркін форматта ой алмасты.




