
Бүгін Алматы облыстық сотының ғимаратында Шерзат Болаттың өліміне қатысты апелляциялық шағым қаралады, деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
Оның айтуынша, Қонаев қаласында 8 сотталушының апелляциялық шағымы талқыланады. Сондай-ақ, төбелес кезінде оқиға орнында болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге қатысты іс, куәгерлерге байланысты жеке шағымдар да осы отырыста шешімін табады.
Еске салайық, 2024 жылғы 4 қазанда Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген кезінде қаза тапқан еді. 2025 жылдың 5 маусымында бұл іс бойынша 9 адамға үкім шығарылған.
Келесі мақала