Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаржылық пирамида – қоғам дерті

Қаржылық пирамида – қоғам дерті
gov.kz
Қаржылық пирамидалар – қысқа мерзімде үлкен пайда уәде етіп, азаматтарды алдап-арбау арқылы жұмыс істейтін заңсыз қаржы схемалары. Мұндай ұйымдардың басты ерекшелігі – нақты инвестициялық қызметтің болмауы және жаңа қатысушылардың қаражаты арқылы ескі қатысушыларға төлем жасау.

Қазақстанда қаржылық пирамидалар ХХІ ғасырдың басынан бері белсенді тарала бастады. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің кең қолданылуы алаяқтарға халықты алдауға жол ашты. Соның нәтижесінде мыңдаған адам өз жинақтарынан айырылып, қарызға батып қалды.

Мұндай пирамидалардың тартымды жағы – қысқа мерзім ішінде бірнеше есе пайда табуға уәде беруі. «Ақшаңызды екі есе өсіріп береміз», «Жаңа жобаның инвесторы болыңыз» деген жалған уәделер халықты қызықтырады. Бірақ шын мәнінде мұндай схемалардың барлығы ұзақ өмір сүрмейді. Жаңа адамдардың қаражаты тоқтаған кезде пирамида құлайды, ал жәбірленушілердің ақшасы қайтарылмай қалады.

Мемлекет тарапынан қаржылық пирамидалармен күрес жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қаржылық пирамида құру, оған қатысу және оны ұйымдастыру ауыр қылмыс болып есептеледі. Дегенмен, алаяқтар заңды айналып өту үшін түрлі жаңа әдістерді қолдануда.

Сарапшылардың пікірінше, қаржылық пирамидалармен күрестің ең тиімді жолы – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Әрбір азамат қаражатын салмас бұрын компанияның лицензиясын, қызметінің заңдылығын тексеруі қажет. «Жоғары табыс – жоғары тәуекел» екенін естен шығармаған жөн.

Қаржылық пирамидалар – тек жеке азаматтарға емес, ел экономикасына да қауіп төндіреді. Сондықтан барша қазақстандықтарды сақ болуға және күмәнді жобаларға қаржы салмауға шақырамыз.

 

Ширина Аширмухамедова,
Жамбыл облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар