Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ІІМ: 7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталды

ІІМ: 7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталды
istockphoto.com
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды arainfo.kz

Биылғы жеті айдың ішінде есірткіге қатысты 4655 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірханның айтуынша, есірткі жасырушылардан бастап бизнесін ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар әшкереленген. 24 қылмыстық іс қозғалып, олардың қатарында үш трансұлттық қылмыстық топ жойылды. Осы істер бойынша 12 басшы мен 48 белсенді қатысушы ұсталды.

Халықаралық серіктестік аясында Ресей Федерациясымен бірлесіп, іздеуде жүрген күдікті қолға түсті. Ол ел аумағында синтетикалық есірткі өндіруге арналған бірнеше зертхананың жұмысын ұйымдастырған.

Ағымдағы жылы 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді. Оның ішінде тәркіленген синтетикалық есірткі көлемі үш есеге артып, бір тоннадан асты. Сондай-ақ 322 есірткі өсіру дерегі мен 76 контрабанда фактісі анықталды.

Жаңа цифрлық шешімдердің арқасында жастар арасында кең тараған есірткі сайттарының бұғатталуы үш есеге өсіп, олардың саны 20 мыңға жетті. Сонымен қатар, күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталып, шоттарында 2,5 млрд теңге болған.

Жыл басынан бері 102 есірткі зертханасы жойылды: оның 11-і синтетика өндірумен, 91-і фитозертхана болған. Есірткі бизнесіне 110 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілді.

"Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады", – деді Данияр Мейірхан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар