Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазба байлық қазынамызлы молайтады

Қазба байлық қазынамызлы молайтады
Ашық дереккөз
Мемлекеттің орнықты дамуы стратегиялық мақсаттарға тікелей байланысты. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне қатысты нақты міндеттерді айқындап берген болатын. Президент басты құжаттың екінші бағыты ретінде инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы: «Дүниежүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газкөмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты.

Экономикаға салынған тікелей инвестиция көлемін азайтып алмау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Кейбір әкімдер мен министрлер инвестор тарту ісіне жөнді атсалыспай отырғанын атап өткім келеді. Үкімет бұл шаруаны ретке келтіруге тиіс.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажет. Әсіресе халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керек. Үкіметке халықаралық қаржы ұйымдары мемлекеттікжекеменшік әріптестік тәсілімен қаржыландырып, толық жүзеге асыратын ауқымды жобалардың тізімін жасауды тапсырамын.

Мен биыл мамыр айында Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойдым. Бұл құжатта көрсетілген талаптар мүлтіксіз орындалуға тиіс», – деп атап өтті.

Президент жүктеген міндеттер аясында тау-кен саласында толайым тірліктер атқарылуда. Алдағы жоспарлар да ауқымды.

979 МИЛЛИОН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметіне сүйенсек, есепті жыл азаматтармен ұйымдарға тау-кен саласында 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді болған, оның 14-і онлайн форматта көрсетілген. Бір жыл ішінде барлығы 979 миллион қызмет көрсетілді, оның 919 миллионы электронды түрде, бұл жалпы санның 87,6 пайызы.

Ең көп сұраныс болған мемлекеттік қызметтердің қатарында «Тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру», «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру», «Геологиялық және (немесе) тау-кен бөлімдерін беру және қайта рәсімдеу» бағыттарының үлесі басым. Ведомство басшысы Қазақстанда мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау аясында таукен саласында бизнес-процестерді инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол геологиялық және тау-кен пайдалану учаскелерін беру мен қайта рәсімдеу процедурасын мысал ретінде келтірді.

Бұған дейін бұл процес қағазда жазылған өтініштер, электронды пошта немесе «e-Otinish» жүйесі арқылы жүзеге асырылатын. Мәліметтер қолмен тексерілетін. Бұл өз кезегінде қарау мерзімін ұзартып, қате жіберу қаупін арттыратын. Реинжиниринг нәтижесінде бұл процесс толықтай автоматтандырылды. Енді өтінім беру «minerals.e-qazyna.kz» жер қойнауын пайдалану бойынша Бірыңғай платформа арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Платформада шектеулерді автоматты түрде тексеру мүмкіндігі бар интерактивті жер қойнауын пайдалану картасы іске қосылған.

– Бұл кезеңдер санын 45 пайызға қысқартуға және бизнес-рөлдер санын 35 пайызға азайту арқылы әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. Процесс тиімді, ашық және ыңғайлы бола түсті, адами фактордың ықпалы азайды. Сондай-ақ ыңғайлы онлайн-процестің арқасында пайдаланушылардың сенімі артты», – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Сондай-ақ «Astana Hub » экожүйесінде тау-кен саласына арналған цифрлық шешімдер әзірлейтін тараптармен компаниялар қарқынмен дамып келе жатыр. Атап айтқанда, «Өндірісті жоспарлау және басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен платформалар», «Кен орындарының цифрлық егіздері», «Мониторинг және сараптама», «Өндіріс тиімділігін арттыруға және нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған инновациялық құралдар» жобалары жүйелі жүзеге асуда.

Технопаркке қатысқалы бері компаниялар 5 миллиард теңгеден астам табыс тауып, 100-д ен аса жұмыс орнын құрды. Тау-кен саласына цифрлық технологияларды енгізудің бір мысалы – «minePASS» жүйесі. Бұл – жерасты өндірісін басқаруды және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін біріктірілген жүйе. Аталған шешім шахтадағы персонал, техника және жағдайлар бойынша жедел бақылауды жүзеге асырады. Технология жерасты таукен жұмыстарында қауіпсіздікті, процестердің ашықтығын және тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Келесі бір мысал – «Smart Technics» компаниясының шешімі. Бұл компания машиналық оқыту мен «Big Data» технологиялары негізінде интеллектуалды жүйелерді әзірлеп, енгізумен айналысады. Жезқазған байыту фабрикасында енгізілген ионометриялық бақылау жүйесі өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл жүйе технологиялық процестерді оңтайландырып, тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Өңдеу параметрлерін бақылаудың арқасында кеннен пайдалы компоненттерді алу көлемі артады. Бұл кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді. Айтылған деректерге сүйенсек, бүгінде салада тау-кен саласының дамуына ықпал ететін әлемдік негізгі трендтер, автономды таукен техникасы белсенді түрде енгізілуде. Мысал ретінде жүргізушісіз самосвалдар, роботтандырылған экскаваторлар мен бұрғылау қондырғыларын атап өтуге болады.

– Болжамдар бойынша мұндай шешімдер нарығы 2034 жылға қарай 12 миллиард доллардан асады. Екіншіден, өндіріске жасанды интеллект енгізу қарқынды дамып келеді. Ол болжамды сараптама, геологиялық барлауды оңтайландыру және процестерді автоматтандыру үшін қолданылады. Бұл нарықтың жылдық өсімі 35 пайыздан асады д е п б а ғ а л а н у д а . Ү ш і нш і д ен, цифрлық егіздер мен модельдеу технологиялары өндірісті дәлірек жоспарлап, тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Нарық көлемі 2030 жылға қарай 275 миллиард долларға дейін өседі деп күтілуде. Төртіншіден, бұл өнеркәсіптік заттар интернетін жетілдіреді. Датчиктер мен мониторинг жүйелері жабдықтарды нақты уақыт режимінде бақылауға және ақаулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тау-кен саласын одан әрі цифрландыру бойынша жұмысты жақсарту үшін министрлік бірқатар ұсыным әзірледі. Атап айтқанда, цифрландыруды жеделдету және 4.0. Индустриясын енгізу жолға қойылады. Екіншіден, кен орындары орналасқан шалғай өңірлердегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды сенімді IoT-байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қолға алынуда. Бұған тұрақты және тиімді жұмыс істеу үшін 5G технологиясын немесе спутниктік шешімдерді енгізу кіреді. Үшіншіден, экологиялық мониторинг үшін, оның ішінде шығарындыларды, судың ластануын және қоршаған ортаның жалпы жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылау үшін жасанды интеллект негізінде сенсорлар мен шешімдерді белсенді енгізу көзделуде, – дейді министр Жаслан Мәдиев.

109 ӨНЕРКӘСІП ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тау-кен саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі үлкен экспорттық әлеуетке ие. Бүгінде мыс, мырыш, темір және алюминий сияқты металдарға сыртқы нарықтарда сұраныс жоғары болып отыр.

Қазақстанда металлургиялық кендерді өндіру 7,8 пайызға, ал металдар өндірісі 6,9 пайызға өсті. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, тау-кен металлургия кешені саласында 14 триллион теңгенің өнімі өндіріліп, 224 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша салаға 1,7 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Саладағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 102 мың долларды құрап, 9,4 пайызға өскен.

– Тау-кен секторында металл кендерінің үлесі 20 пайызды, өңдеу өнеркәсібінде металлургия үлесі 40 пайызды құрап отыр. Өткен жылы кен өндіру 7,8 пайызға, ал металл өндірісі 6,9 пайызға өсті. Биыл бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша кен өндірісі мен металлургияда оң динамика сақталуда. Негізгі металдардың әрі қарай өңделуіне, қосалқы салалардың дамуына және жоғары өңделген өнімдердің өндірісіне айрықша назар аударылуда. Осы жылы мыс өңдеуді 2 есеге, алюминийді 1,5 есеге, қорғасынды 2,3 есеге және мырыш өңдеуді 11 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Отандық кәсіпорындарды негізгі металдармен қамтамасыз ету шарасы орташа және жоғары өнімдерді өндіретін кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Нәтижесінде катанка, кабель өнімдері, аккумулятор, терезе профильдері мен жиһаз фурнитураларының және басқа да тауарлардың өңдірісі ұлғаюда. Сондай-ақ жылыту радиаторларын, өндірістік аккумуляторлар мен латунь бұйымдарын өндіретін жаңа жобалар іске қосылды. Болат құю өнеркәсібін ішкі нарықтағы металл сынықтарымен қамтамасыз ету аясында өндіріс көлемі артып, жаңа қуаттар іске қосылды, – дейді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Вице-министрдің сөзінше, соңғы бес жылда болат өндіру қуаты 5-тен 7,5 миллион тоннаға дейін өскен. Жалпы құны 52 миллиард теңгеге 5 зауыт іске қосылған. Биыл 23 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құратын жалпы құны 1,6 триллион теңгеге 190 өнеркәсіп жобасын іске қосу жоспарлануда. Тау-кен металлургия саласында 6,5 мың жұмыс орнын құратын, жалпы құны 444 миллиард теңге болатын 28 жоба бар. Оның ішінде Қарағанды облысындағы тік тігісті болат құбырлары және алюминий радиаторын шығару, Түркістан облысындағы алюминий профильдерін өндіру, Ақмола облысындағы алюминий бұйымдарын дайындау, Павлодар облысындағы ферроқорытпа өндірісі, Жамбыл облысындағы катодты мыс өндіру жобаларын атап өткен ләзім.

Соынмен қатар саланың тиімділігін, қауіпсіздігін және экологиялық тазалығын арттыру мақсатында кәсіпорындарда технологиялық жаңғырту белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл тұрғыда халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа қуаттарды іске қосу жоспарланған.

 – Негізгі жобалардың ішінен келесілерді атап өтуге болады. Біріншіден, «Qarmet» кәсіпорнын жаңғыртуға 3,5 миллиард доллар көлемінде инвестиция құю көзделген. Бұл жоба болат өндірісін 5 миллион тоннаға ұлғайтуға, көмір химиясын дамытуға және 2028 жылға қарай зиянды шығарындыларды 20 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Шығарылатын өнімнің түрін кеңейту және сапасын арттыру мақсатында отандық өндірушілермен кооперациялық ынтымақтастық дамып келеді. Бүгінде мырыш болатынан автобус корпусының қаптамалары мен ыстық прокаттан рама тораптары жасалуда. Суық прокаттан тұрмыстық техника корпустары шығарылып жатыр. Биыл «Qarmet» жазық прокатынан әртүрлі диаметрдегі тік тігісті құбырлар өндірісін іске қосу жоспарлануда. Екіншіден, «Соколов-Сарыбай таукен байыту кешені» базасындағы ыстықтай брикеттелген темір өндіру жобасы домна өндіріс процесін алмастырып, темір құрамы 90 пайыздан асатын өнімді алуға мүмкіндік береді. Жобаның қуаты 2 миллион тонна және инвестиция көлемі 1 миллиард долларға жетеді. Үшіншіден, «Solidcore Resources» компаниясының автоклав өндіріс жобасы құрамында мышьяк мөлшері жоғары, қиын байытылатын алтын бар кендерді өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл жоба қазір экспортталып жатқан барлық шикізатты елімізде өңдеуге жол ашады. Инвестиция көлемі шамамен 300 миллион доллар, ал жоба қуаты 15 тонна алтын. Төртіншіден, «KazMinerals» жаңа мыс балқыту зауытында реакциялардың жоғары жылдамдығы мен металдарды тиімді бөліп алуды қамтамасыз ететін технология қолданылатын болады. Жобаның стратегиялық серіктесі – әлемде беделді орын алған қытайлық «NFC» компаниясы. Инвестиция шамамен 1,5 миллиард доллар, жобалық қуаты 300 мың тонна мыс өндіру, – дейді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда тиімділікті арттыру, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін көтеру мақсатында цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Маңызды бағыттардың бірі – зауыттың цифрлық егіздерін енгізу, өнеркәсіп роботтарын, жасанды интеллектті және машинаны үйретуді қолдану. Осы оайда «ERG» компаниясы бірқатар цифрлық жобаларды іске қосты.

Мәселен, өндірістегі жүк көтергіш механизмдер қашықтан басқарылып, 7 мыңнан астам зиянды және қауіпті жұмыс орны цифрлануда. «Шығыс» көмір кенішінде роботтандырылған самосвалдар қолданылып, 2,5 миллион тоннадан астам тау жынысын тасымалдады.

«Kazakhmys» компаниясында жерасты сымсыз радиобайланыс, қызметкерлер мен көлікті позициялау және қауіпті өндіріс жұмысшыларына арналған автоматтандырылған медициналық тексеру жүйелері іске қосылды.

«KazMinerals» компаниясы кенді ұсатудан бастап концентрат шығаруға дейін толық цифрлық трансформацияны жүзеге асыруда. К а р ь е р ле р д і ң 3 - Д м о д е л і н қалыптастыру үшін квадрокоптерлер қолданылады. Бұл жаңа цифрлық технологиялар жұмыс орындарының қысқаруына алып келмейтінін атап өткен жөн. Қызметкерлер қайта даярлау арқылы кәсіпорын ішінде басқа жұмыс орындарына орналасуда. «Qarmet» компаниясы шахтадағы газ деңгейін тәулік бойы бақылайтын, ондағы әрбір жұмысшының орнын қадағалайтын цифрлық жүйе енгізді. Сонымен қатар магистралдық ленталы конвейерлерге өрт сөндіру жүйесін автоматты түрде қосуға мүмкіндік беретін жабдықтар қойылуда.

Вице-министрдің сөзінше, таукен металлургия саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар ортамерзімді перспективада оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

– Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарын іске қосу есебінен мыс кенін өндіру 2 есеге немесе 300 миллион тоннаға дейін ұлғайтылатын болады. Темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуінен және жаңа жобалардың қосылу есебінен 40 пайызға немесе 52 миллион тоннаға дейін өседі. Бұл өз кезегінде катодты мыс өндіру көлемін 2030 жылға дейін 2 есе арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ Қостанай, Жамбыл облыстарындағы жаңа ыстықтай брекеттелген темір өндіретін ССГПО және «Fujian» компаниялары жобаларының іске асырылуы болат өндіру көлемін 2030 жылға дейін 3 есе арттыруға жол ашады. Негізгі металдардың қолжетімділігі қосалқы салалардағы отандық кәсіпорындар үшін артықшылық береді. Біздің есебіміз бойынша, 2030 жылға қарай өндірілетін металдардың көлемі ел ішінде өңдеу деңгейі жоғары өнімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мыс өңдеу 91 мың тоннаға, алюминий 163 мың тоннаға және қорғасын 81 мың тоннаға жетеді. Министрлік тау-кен металлургия кешенін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту, озық технологияларды тарту, жаңа жобаларды іске қосу, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жүргізілуде, – дейді вице-министр Олжас Сапарбеков.

Айта кету керек, бұл мәселе Үкіметтің қатаң бақылауында. Жақында өткен Үкімет отырысында Премьер - министр Олжас Бектенов: «Отандық экономиканы әртараптандыру мақсатында өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызы өте зор. Қазіргі таңда жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі шамамен 14 пайызды құрайды және ол кен өндіру саласынан 2 пайызға жоғары (12,2%). Осы үрдісті алдағы уақытта да сақтап қалу қажет», – деп атап өтті. Қабылданып жатқан шаралардың қатарында жоғары деңгейдегі өңдеу жобаларына инвестициялар тарту да басты назарда. Мәселен, биыл Саран қаласында «Qarmet» компаниясының өнімдері негізінде болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылады. Сондай-ақ ірі жер қойнауын пайдаланушылар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазақстандықтардың едәуір бөлігі түпкілікті тұтынушыға бағдарланған шағын және орта бизнесте жұмыс істейді. Ал мұндай өндірістерді дамыту үшін қосымша ынталандыру маңызды.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Индустрия 4.0 құралдарын енгізу, автоматтандыру, үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану арқылы саланы цифрландыру белсенді жүргізіліп келеді. Қабылданған шаралар тау-кен секторының нарықтағы өзгерістерге жылдам бейімделуге және тиімділіктің, ашықтық пен тұрақтылықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Ел Үкіметінің жұмысының басым бағыттарының бірі – ресурстық базаны кеңейту. Осы орайда геологиялық барлау көлемін ұлғайту үшін қаржыландыру айтарлықтай ұлғаяды.

– Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 миллиард теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр, – дейді бұл жөнінде Премьер-министр.

Металлургтер мен кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қорғау мәселелеріне  ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктеріне ірі таукен металлургия кәсіпорындарымен бірлесіп, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуды, жаңа технологияларды енгізуді және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру үшін алдағы уақытта Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ірі тау-кен кәсіпорындарымен бірге жүйе түзуші кәсіпорындар айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруды ынталандыратын іс-шараларды ескере отырып, жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығару бойынша шаралар кешенін әзірлейтін болады.

Бұдан бөлек «СамұрықҚазына» қорымен бірлесіп, аса маңызды және сирек металдар негізінде технологиялық тұрғыдан инновациялық өнім өндірісін дамытуды қамтамасыз етеді. Жобалар қосылған құны жоғары өнімдер жасауға бағытталуы қажет. Бұл технологиялық күрделі өндірістерді дамыту үшін қажетті құзіреттерді күшейтіп, өсу әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұйық циклды экономиканы құру үшін металдар мен өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу шараларын әзірлеу міндеттеліп отыр.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге бір ай мерзімде сала мамандарын даярлау бағдарламасын әзірлеп, өндіріске жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу үшін ғылымды белсенді түрде тарту қажеттілігіне назар аударатын болады.

Асан ТІЛЕМІСОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар