Еңбек министрлігі комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдетті
- author AR-AY
- Бүгін, 09:28
- 15
Енгізілетін өзгерістердің басты мақсаты – әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қолдау шараларына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұған дейін мұндай жағдайларда құжат рәсімдеу процесі азаматтар үшін біраз қиындықтар туғызатын. Енді жаңа тәртіпке сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтініш беру құқығы науқастың жақын туыстарына немесе жұбайына заң жүзінде бекітіледі.
Бұл тәсіл бірқатар маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, комада жатқан азаматқа мүгедектік мәртебесін уақытылы белгілеу және мемлекеттік жәрдемақыны дер кезінде тағайындау жеңілдейді. Сонымен қатар ұсынылып отырған нормалар төлемдерді рәсімдеу үдерісін барынша ашық әрі қолжетімді етіп, аталған санаттағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта бұйрық жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Биіктіктен құлағаннан кейін аяғына тұрғызылған екі қыздың оқиғасы
- авторAR-AY
- 16 сәуір, 2026
Қазақстанда медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру 20%-ға артты
- авторAR-AY
- 5 наурыз, 2026




