
Бұл күн – тек мереке ғана емес, сондай-ақ елдің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған тұғырлы құжаттың маңызын тағы бір мәрте ұғындыратын күн.
Бүгінде елімізде сот жүйесі заман талабына сай жаңарып, әділдік, ашықтық және халыққа қолжетімділік қағидаттарына негізделуде. Сот процестерін цифрландыру, медиацияны енгізу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы шаралар – бәрі де Ата Заңның рухына сай жүзеге асуда. Бұл реформалар әділ сотқа деген сенімді арттырып, азаматтардың өз құқықтарын қорғауға белсенді қатысуына жол ашып отыр.
Конституция тек заңдар жинағы емес – ол әр азаматтың қадір-қасиетін, еркіндігін, ар-намысын қорғайтын тірек. Сот жүйесі осы қағидаттарға сүйене отырып, қоғамда әділеттіліктің салтанат құруына үлес қосуда.
30 тамыз – заң үстемдігі мен мемлекет тұрақтылығының символы. Бұл күн – әрбір азамат үшін өз құқықтары мен бостандықтарын бағалауға, әділдік пен бірлік идеясын терең түсінуге мүмкіндік беретін ерекше күн.
Барша қазақстандықтарды еліміздің Ата заңына 30 жыл толуына байланысты құттықтаймыз, өркендеу тілейміз.
Бақыт Сарсенбиева,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы