Жамбылдық жампоз Грек-рим күресінен Сурдлимпиялық тұңғыш әлем чемпионы атанды
- author AR-AY
- 7 қыркүйек, 2023
- 116

Байрақты бәсеке 2023 жылы 2–8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен болатын.
Жаңа салмақ дәрежесіне енді ғана ауысқанымен, Нұржан алғашқы жарысында-ақ жасындай жарқылдап, төрткүл дүниені мойындатты. Жарыстың алғашқы айналымында ол 2021 жылғы Сурдлимпия ойындарының жеңімпазы, тәжірибелі украин спортшысы Roman Iashchenkoдан 2:2 есебімен басым түсіп, жанкүйерлер назарын өзіне аударды.
Келесі кезеңде Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, ирандық балуан Reza Esmaeili-мен белдесіп, 4:1 есебімен айқын басымдықпен финалға жолдама алды.
Ақтық сын психологиялық тұрғыда оңайға соқпады. Түркия елінің тәжірибелі балуаны Bayram Aksu-мен болған шешуші белдесуде Нұржан еш мүмкіндік қалдырмай, 11:1 есебімен таза жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
«Бұл жеңіс — маған ғана емес, бүкіл қазақ күресіне берілген үлкен серпін. Әр белдесуге жауапкершілікпен шықтым. Ел намысы мен үмітін арқалап шығу — үлкен мәртебе», – дейді алтын жүлде иегері.
Жас спортшының бұл жеңісі ел үшін ғана емес, бүкіл сурдоспорт саласы үшін тарихи жаңалық болды. Бапкері Ринат Исмайлов шәкіртін осы деңгейге жеткізу үшін ұзақ жылдар тер төкті.
«Нұржанның бойында қайсарлық, табандылық пен күреске деген ерекше махаббат бар. Осы чемпионатқа 10 жылдан астам дайындалдық. Әлемдік аренада атой салатынына сенімді едім», – дейді бапкер.
Ұқсас жаңалықтар
16 жастағы қазақ қызы әлем аңызын жеңіп, алтыннан алқа тақты
- авторAR-AY
- 22 қыркүйек, 2025