Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Қарасу» каналының жағалауы абаттандырылады

«Қарасу» каналының жағалауы абаттандырылады
www.gov.kz
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындардан түскен шағымдарға сәйкес жоспардан тыс «Бәйтерек» (13) шағынауданын аралады. Аймақ басшысы аталған шағынауданды аралау барысында бірқатар олқылыққа жол берілгенін аңғарып, қала тазалығына қатысты атқарылған жұмыстарды сынға алды.

Өңір басшысы жауаптылардан қураған ағаштарды кесу, шөп шабу, арықтарды тазалау, қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді талап етті. Сонымен бірге «Таза Қазақстан» акциясы аясында шағынаудандардың да тазалығы үнемі бастыназарда болуы тиіс екенін алға тартып, экологиялық бастамаға тұрғындардың да белсенді түрде атсалысуы қажет екенін ескертті.

Ербол Шырақпайұлы облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жаңғырту жұмыстарын да тексерді. Айта кету керек, бүгінде Тараз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы 11 үй жаңа кейіпке енсе, биыл тағы 15 тұрғын үйдің шатыры мен қасбеті жөнделеді. Қазіргі таңда Абай даңғылы, Қазыбек би және Әйтеке би көшелерінің бойында орналасқан баспаналарда құрылыс қарқыны жоғары. Барлығы 320 адам еңбек етуде.

Облыс әкіміне «Қарасу» каналын абаттандыру жобасы таныстырылды. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, су нысаны қайта жаңғырса, бұл тұрғындар үшін таптырмас демалыс орнына айналады. Жоба аясында 1,275 шақырым канал жағалауы абаттандырылады. 8 500 шаршы метр аумаққа жабынды төселіп, 13 630 шаршы метр жер көгалдандырылды. Сонымен бірге балалар және воркаут алаңшалары бой көтереді.

Облыс әкімі Рысбек батыр көшесін қайта жаңғырту (1,9 шақырым), Е.Ниетқалиев (1,6 шақырым) және Ұлбикеақын (2,7 шақырым) көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жеке бақылауына алды

– Жол жөндеу мен жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне кедергі келтірмейтіндей дәрежеде жүргізіліп, құрылыс жұмысы белгіленген кестеден кешікпеуі тиіс. Мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейту маңызды, – деді Ербол Қарашөкеев қала әкіміне.

Еске сала кетейік, биыл Тараз қаласындағы 100 көшенің жолы орташа жөндеуден өтуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар