Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздық жастар тазалыққа атсалысты

Тараздық жастар тазалыққа атсалысты
Автор
Тараз қаласы әкімдігі мен жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан – Таза Тараз» атты экологиялық акция ұйымдастырды. Бұл іс-шара облыстық және қалалық балалар ауруханасы маңында өтті. Акцияның мақсаты – табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және жастардың қоршаған ортаға жауапкершілігін қалыптастыру.

Аталған іс-шараға шамамен 60 белсенді жас қатысты. Олар бірігіп, балалар ауруханасының айналасын қоқыстан тазартты. Қала көшелерінде және каналдар маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция барысында тұрғындарға экологияның маңызы туралы түсіндірілді.

– Бұл іс-шара – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жастардың мұндай экологиялық бастамаларға белсене қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Біздің мақсатымыз – табиғатты сақтау арқылы ел болашағына өз үлесімізді қосу. Осындай қоғамға пайдалы игі істер адамдар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялауға деген көзқарасты өзгертеді деп сенемін,– деді Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов.

Жұмылып жасалған жұмыс барысында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен еріктілердің белсенділігі байқалды. Олар бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті.

– Табиғатты қорғау - барша адамзаттың ортақ міндеті. Ал Жамбыл облысы жастарының бұл бастамасы – табиғатқа, елге деген шынайы қамқорлықтың көрінісі. Акция жастардың рухани байлығын арттырып, азаматтық сезімін нығайтты. Осындай шаралар қоғамның бірлігін күшейтіп, экологиялық мәдениетті дамытуға септігін тигізеді. Жастардың таза ортаға деген ұмтылысы – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Олар өз еңбегімен өзгелерге үлгі болды деп ойлаймын, – деді акцияға атсалысқан жастың бірі Шәрбану Жамбылқызы.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Атқарылған іс жастардың бірлігі мен ынтымағының арқасында көрініс тапты. Бұл сөз жоқ қала тазалығына қосылған өлшеусіз үлес.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар