Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қоржында – қола жүлде

Қоржында – қола жүлде
Автор
Грекия астанасы Афина қаласында өткен Әлем чемпионатынан жерлесіміз Мәрлен Мейірбекұлы қола жүлдемен оралды. Олжалы оралған оғланды облыс жұртшылығы қарсы алып, сый-құрмет көрсетілді.

Әлемдік аренада көк байрағымызды желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрінген Мәрлен Мейірбекұлы жарыс кезеңі бойынша алғашқы кездесуінде Молдаван спортшысы Игнат Мейкодан 6-1 есебі бойынша басым түсті. Екінші кездесуінде Израиль спортшысы Едгар Давидовтан басым түсіп, 9-0 есебі бойынша жеңіске жетті. Үшінші кездесуінде чех спортшысы Вацлав Сатрапаны 3-1 есебімен жеңді. Жартылай финалдық кездесуде грек спортшысы Димитриос Пантелеймон Сулиске 8-9 есебімен есе жіберіп, қола үшін кездесуде Венгрия спортшысы Имре Сандор Коломпарды 7-1 есебімен жеңді.

Жеңімпазды күтіп алу салтанатында облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі сөз сөйлеп, талапшыл жастарға жігер тіледі. Ал жүлдегердің бапкері Теміржан Орынбаев бұл жеңіске жету жолындағы аянбас күрес пен тынымсыз еңбек туралы сөз етті. Жастардың талантын тілге тиек етіп, облысқа ортақ жеңіспен құттықтаған Жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Асылжан Байзақов жас батырға облыстағы грек-рим күресінің аға бапкерлері атынан тұлпар мінгізді.

Бұл қола – ертеңгі алтынның бастауы. Бұл жеңіс – табандылықтың, маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі. Жеңімпаз спортшыларымыз тек медаль ғана емес, жас ұрпаққа шабыт, елге үміт сыйлайды.

 Қамар ҚАРАСАЕВА,

журналист

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар