Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түн кезген жасөспірімдер тұрақты бақылауда

Түн кезген жасөспірімдер тұрақты бақылауда
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Түнгі қаладағы балалар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай, 27-29 шілде аралығында облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткен болатын. Брифингке қатысқан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры Азат Пірматов пен ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Оксана Семёнова 3 күнге жалғасқан іс-шараның қорытындысымен таныстырды.

– «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу. 3 күндік іс-шара барысында ішкі істер органдарына 281 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 7 жеткіншек орналастырылды. Әртүрлі себептермен 21 кәмелетке толмаған және балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамайтын 7 ата-ана есепке қойылды. Полиция қызметкерлерімен есепте тұрған 195 кәмелетке толмаған жасөспірімнің тұрғылықты жеріне тексеру жүргізілді. «Мүлдем төзбеушілік» бойынша 317 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Іс-шараны жүргізу және нәтижесі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 113 материал жарияланды, – деген Азат Жаңабекұлы жасөспірімдердің қатысуымен және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында тұрғанын жеткізді.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар