Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алтын құрсақты аналар ардақталды

Алтын құрсақты аналар ардақталды
Автор
Кеше Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков көпбалалы аналарды марапаттады.

 Өздеріңізге белгілі, егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше екпін берілді. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионнан асып, демографиялық өсімге қол жеткізіп келеміз. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Мұның барлығы біздің қоғамда әйел азаматтарының орны биік екенін көрсетеді. Елімізде көпбалалы аналарға қолдау қашанда аз болған емес. Бүгінгі сіздермен жүздесуіміз де соның бір көрінісі. Ендеше бүгінгі марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, мол байлық тілеймін. Ұл-қыздарыңыз биік белестерді бағындыра берсін,– деді шаһар басшысы.

Марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша 5 көпбалалы анаға «Алтын алқа» және 30 анаға «Күміс алқа» табыс етіліп, арнайы гүл шоқтары берілді. Жиынға қатысқан аналар да алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

– Бүгін «Алтын алқа» иегері болып отырмын. 7 баланың анасымын. Елеп-ескеріп марапаттап жатқан қала басшылығына алғысымды білдіремін. Өсіріп жатқан ұл-қыздарымыз еліміздің дамуына өз үлестерін қоса берсін, үлгілі азамат болсын. Барлық марапат алған аналарды құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,– дейді «Алтын алқа» иегері Ақбота Ғалымова.

Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша соңғы 15 жылда жалпы 2 808 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2 964 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар