Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жарты жылда 250 мың азамат жұмысқа орналасты

Жарты жылда 250 мың азамат жұмысқа орналасты
Автор
Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының жүзеге асырылуы туралы айтты.

– «2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 250 мың азамат жұмысқа орналасса, оның 134 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамалар аясында 4,6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында шамамен 63 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 67 мың адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында 116 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты» – деді вице-министр.

2025 жылдың соңына дейін өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында барлығы 480 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Міндетті зейнетақы жарналарының болуын тексеру арқылы министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы азаматтардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізілуде.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 196,8 мың азамат тартылды.

48,1 мың адамға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру ұйымдарында – 1,8 мың адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында – 1,3 мың адам, «Skills Enbek» платформасында онлайн оқытумен 45 мың адам қамтылды. Оқуды барлығы 42,2 мың адам аяқтады.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 30,8 мың адам қамтылып, оның 17,1 мыңы сертификат алды.

Жеңілдетілген жұмыс орындарына 113,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: 81,2 мың адам қоғамдық жұмыстарға, 10,3 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 7,9 мың адам жастар тәжірибесіне, 1,5 мың адам «Алғашқы жұмыс орны», 69 адам «Ұрпақтар келісімшарты», 12,8 мың адам «Күміс жас» жобалары аясында.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тағы бір бағыты – азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына мемлекеттік гранттар беру.

– Биыл 9 мың грант беру жоспарлануда. Ол екі кезеңмен жүзеге асырылады. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін бірінші кезең аясында 4 179 грант берілді. Барлығы 11,5 мыңға жуық өтінім қабылданды. Гранттар жұмыссыз мәртебесіндегі немесе 3 жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Қаражат құрал-саймандарды, жабдықтарды, жануарларды сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнес жобаларды жүзеге асыруға байланысты басқа да қажеттіліктерге жұмсалады, – деді Асқар Биахметов.

Вице-министр бұдан кейін жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобаларға кеңінен тоқталды.

Министрлік кадрлар қажеттілігін талдау мен болжауды, сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан барлық жобалардың тиімділігін уақытылы бақылауды көздейтін «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын құрды. Бүгінгі таңда жүйе 2030 жылға қарай 222,4 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 1415 инвестициялық жобаны бақылайды.

– «Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 274 жоба іске қосылды, 27 198 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Іс жүзінде 10 016 жұмыс орны ашылды, ал 2025 жылдың соңына дейін 47 820 жаңа жұмыс орнын ашумен тағы 427 жобаны іске қосу жоспарлануда» – деп қосты А.Биахметов.

2024 жылдан бастап Электрондық еңбек биржасында студенттер үшін өндірістік тәжірибеден өту орнын таңдауға мүмкіндік беретін функционал енгізілді. Студенттер нақты дағдыларды игеріп қана қоймай, кейіннен тәжірибеден өткен кәсіпорында жұмыс таба алады.

2025 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша платформаны пайдаланып 3,7 мың студент тәжірибеден өту орындарын тапты.

Мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформа қазірдің өзінде 744 сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратты ұсынады.

Бұл ретте Жұмысшы мамандықтары жылы аясында платформада жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушыларының кәсіби диагностикасының жаңа функциясы жүзеге асырылды.

– «Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні» кіріктірілген диагностикалық құралы 2025 жылдың наурыз айында лингвистикалық-мәдени бейімделуден және психометриялық валидациядан өтті. 7-11-сынып оқушыларын «Мансап компасы» платформасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен қамту 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 7 964 мектептен 100 мың оқушыны қамту жоспарлануда: қыркүйекте – 40 мың; қазанда – 35 мың адам; қарашада – 25 мың адам», – деді вице-министр.

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар