Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Патриоттық әндер шырқалды

Патриоттық әндер шырқалды
фото – Сергей Мурзин
Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ей, адамзат, райхан гүлдер солмасын» атты патриоттық кеш өтті.

Іс-шараға жазушы, журналист, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Мақтақыз Жеңсікбаева және Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұржан Мұхтаров қатысты.

Кеш аясында Талас ауданының соғыс және еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арналған фото-галерея жасақталып, көрме-инсталляциялар ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Кітапхана оқырмандары «Әдеби монтаж» форматында соғыс туралы өлеңдерін оқыды. Кітапханашылардың қатысуымен «Майдан және махаббат», «Соңғы хат», «Ана туралы жыр» көріністері қойылып, «Соғыс болмаса екен», «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», «День Победы», «Журавли» сынды патриоттық әндер шырқалып, «Смуглянка» биі орындалды. Іс-шара «Атамекен» әнін хормен орындаумен түйінделіп, қонақтарға ерекше рух пен әсер сыйлады.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар