Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында діни радикализммен айналысқан тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысында діни радикализммен айналысқан тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылдың басында Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауымен құқық қорғау органдары жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде діни алауыздықты қоздыратын әдебиеттерді таратып келген төрт адамнан құралған топ анықталып, құрықталды.

Тергеу барысында аталған тұлғалардың әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған діни мазмұндағы үгіт-насихатты жүйелі түрде жүргізіп келгені дәлелденді. Тінту кезінде олардың үйлерінен экстремистік сипаттағы әдебиеттер тәркіленді.

Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл аудандық соты бұл азаматтарды ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша (діни алауыздықты қоздыру) кінәлі деп тауып, әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура органдары радикалдық идеологияны таратуға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар