Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отырарда кітапханасы бар заманауи визит-орталық салынады

Отырарда кітапханасы бар заманауи визит-орталық салынады
gov.kz
Түркістан облысындағы көне Отырар қаласында жеке инвестиция есебінен жаңа визит-орталық бой көтермек, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС өкілдерімен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды.

Инвесторлардың айтуынша, жоба тұжырымдамасы әзірленгенде Отырардың тарихи мұрасына, әсіресе орта ғасырда әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі болған атақты Отырар кітапханасына ерекше назар аударылған. Жаңа нысан туристік ақпарат берумен қатар, сол мәдени мұраны жаңғырту символына айналмақ.

Визит-орталық 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

PANA ASIA компаниясы туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Келесі жылдары Шығыс Қазақстандағы Катонқарағайда, Жамбыл облысындағы Көксу шатқалында, Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі мен Маңғыстау облысындағы Бозжырада да жаңа визит-орталықтар салынбақ.

Министр Ербол Мырзабасынов жеке инвестицияның туризм саласының тұрақты дамуына қосатын үлесін атап өтіп, мұндай жобалар еліміздің мәдени мұрасын танытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құруға да септігін тигізетінін айтты.

Компания құрылтайшысы Нұржан Ниязалиевтің мәлімдеуінше, бұл бастамалар аясында 1800 жұмыс орны құрылып, алдағы уақытта олардың саны 3000-ға дейін артпақ. Сонымен қатар, инвесторлар ұлттық құндылықтарды насихаттап, мәдени бірегейлікті сақтауға да мән беретінін жеткізді.

Кездесу барысында туристік жобаларды жүзеге асыруда экологияны сақтау және орнықты туризм қағидаттарын сақтау мәселесіне де ерекше назар аударылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар