Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары қандай?

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары қандай?
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде көшпелі брифинг өткізді. Баспасөз алаңында департамент басшысының орынбасары Салтанат Алибаева «Тамақтан уланулардың алдын алу. Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады?» тақырыбында баяндама жасады.

Салтанат Алибаева ең алдымен тамақтан уланудың түрлері мен белгілеріне, алдын алу шараларына тоқталды.

Тамақтан улану – табиғаты микробты және микробсыз болып бөлінетін ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын ауру түрі. Ол әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді. Әртүрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуі оның себебі болуы мүмкін. Тамақтан уланулардың негізгі белгілеріне жүрек айнуы, құсу, температураның көтерілуі, денедегі ауырсыну және бас ауруы жатады. Жұқпалы аурулардан түбегейлі ерекшелігі – микробтық тағамдық улану науқас адамнан сау адамға жұқпайды. Тағамдық уланулар этиологиялық принцип бойынша микробтық, микробтық емес және этиологиясы анықталмаған тағамнан улану болып бөлінеді. Микробтық тағамдық улануларға токсикалық инфекциялар, токсикоздар, аралас этиологиялық уланулар жатады. Ал микробтық емес тағамдық уланулар улы өсімдіктермен улану, өсімдік және жануар текті тағамдық өнімдерден, бірақ белгілі бір жағдайларда улы қасиетке ие өнімдерден улану, химиялық заттардың қоспаларымен улану болын үш топта қаралады. Жіті ішек инфекциясы және тамақтан уланулардың өршу себептері өте көп. Мәселен өндірістік бақылау бағдарлармаларының жоқтығы, объектілердің сәйкестік туралы оңтайлы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауы, жұмыс істейтін тұлғалардың аспаздардың медициналық қараудан өтпегендігі, біліктілігі жоқ, гигиеналық оқытудан өтпеген тұлғалардың жұмыс істеуі, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін сақтамауы секілді бірқатар мәселелер аурудың одан әрі күшеюіне жол ашады. Мұндай сәттерге тап болмас үшін алдын алу шараларын ұстанған жөн. Ол үшін ең алдымен сатып алу кезінде өнімнің шығарылған күні мен сақтау мерзімін, қаптаманың тұтастығын тексеріп алған жөн. Есіңізде болсын, тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақ дайындау кезінде гигиена қағидаларын және тағамды дұрыс сақтау әдісін білу қажет. Сонымен қатар тағамның түсіне, иісіне және дәміне назар аударыңыз. Өнімнің консистенциясының өзгеруі мен оның бетінде шырыштың пайда болуы оның бүлінгендігінің белгісі болуы мүмкін. Көгерген тағамдарды, бүлінген көкөністер мен жемістерді, ісінген консерві банкасы мен пакеттегі шырындарды  немесе ашыған сүт өнімдерін қоқысқа тастаңыз. Айта кетейін, пісірілген тағамдарды да тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды. Мұнымен қоса белгісіз адамдардан, белгіленбеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау керек және тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамауымыз тиіс, – деді Салтанат Қордабайқызы.

Сонымен қатар Салтанат Кордабайқызы ыстықтан қалай қорғану керектігін де айтып өтті. Оның айтуынша таңертең салқын душ қабылдау, бөлмені салқындату, ауа райына сәйкес киіну, серуен уақытын дұрыс таңдау, шөл басатын сусынды дұрыс таңдау маңызды.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар