Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет тұтынды

Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет тұтынды
ашық дереккөз
Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет тұтынды
Қазақстандықтардың жарты жылдағы ет тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда 19,5 келі болған. Бұл туралы Arainfo тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Елімізде етке деген сұраныс та, өндіріс те артып келеді. Бірінші жартыжылдықта үй шаруашылығындағы ет тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,6% артып, жан басына 19,5 келіден келді. Оның өзінде ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 20,9 келі, ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 18,5 келі ет тұтынылған. Қаңтар-маусым аралығында жан басына шаққанда 12 келі сиыр еті, 3,2 келі жылқы еті және 2,6 келі қой еті келген. Шошқа етін тұтыну көлемі жан басына шаққанда 1,7 келіден болған», - деп жазылған сараптамада. Ресурстың мәліметі бойынша, ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8% дейін, бір жылда 7%-дан 15% дейін қымбаттаған. Айлық межемен алғанда сиырдың сүйекті еті 1,8%, шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттаған. Тек қой еті ғана салыстырмалы түрде баяу қымбаттап жатыр – 0,6%. Жылдық межемен алғанда бәрінен де жылқы еті көп қымбаттаған – 15%. Қой мен шошқа еті 12,7%, сиыр еті 7% қымбаттады. «Қыркүйек айында Қазақстан қалаларында сиырдың сүйекті етінің бір келісі орта есеппен 2387 теңге, қой еті 2660 теңге, шошқа еті 2033 теңге,жылқы еті 2932 теңге болды», - деп жазады Energyprom.kz.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар