Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды

Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды
ашық дереккөз
Оралмандардың «Асар» бірлестігі Хайролла Ғабжалиловты президенттікке ұсынды
Тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалилов құжат тапсырды. Оның кандидатурасын «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр. Тапсырылған құжаттар тізбесі: 1. «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді; 2. Хайролла Ғабжалиловтің президенттікке кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Фото: abai.kz

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар