Қоғам
Министр «7-20-25» орнына балама бағдарлама қарастырылып жатқанын айтты
- author AR-AY
- 11 қазан, 2022
- 122
Министр «7-20-25» орнына балама бағдарлама қарастырылып жатқанын айтты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «7-20-25» орнына балама ипотекалық бағдарлама қарастырылып жатқанын айтты.
–7-20-25» бағдарламасы кезең-кезеңімен орындалып, аяқталуға жақын. Сондықтан біз оған балама ретінде басқа бағдарлама ұсынуымыз қажет. Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Жақын арада ұсынатын шығармыз. Ең бастысы, мүмкіндігінше бастапқы жарна мен төлем мөлшері 7 пайыздан аспағаны дұрыс, – деп жауап берді ол.Еске салайық, Ұлттық банктің қаулысымен «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылғы 31 мамырда бекітілген еді. Алайда нақты кредит беру сол жылдың екінші жартысында басталды. Алғашқы ипотека шілдеде берілді. Биыл 28 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 630 млрд теңгеге 48 906 қарыз берілген. Бағдарлама шарттары: «7-20-25» бағдарламасы арқылы тек жаңа баспананы сатып алуға болады.
- Жылдық номиналды сыйақы жарнасы – 7%,
- Бастапқы жарна – баспана құнының 20%-ы,
- Шекті мерзім – 20 жыл.
- Астана, Алматы, Ақтау, Атырау – 25 млн теңгеге дейін,
- Өзге өңірлерде – 15 млн теңгеге дейін.
Келесі мақала