
Сиыр етін экспорттау көлемі 1,4 есеге өсіп, 22 мың тоннадан асты. Қой еті экспорты 2,2 есеге ұлғайып, 18 мың тоннаға жетті. Бұл тірі малмен есептегенде — 122 мың ірі қара мен 1 миллион ұсақ мал басына тең.
Салыстырмалы түрде, 2024 жылы тірі мал экспорты 92 мың ірі қара мен 47 мың ұсақ малды құрады. Бұл етті ел ішінде өңдеу көлемінің өскенін және қосылған құнның артқанын көрсетеді.
Сату нарықтарын әртараптандыру нәтижесінде, 2024 жылдан бастап қазақстандық өндірушілер өнімдерін Тәжікстан, Қытай, Грузия, Сирия және Иорданияға шығара бастады. Бұл жаңа бағыттар экспорт көлемін ұлғайтуға елеулі әсер етті.
2025 жылдың алғашқы 4 айында Қазақстан:
- 8,4 мың тонна сиыр етін (шамамен 47 мың басқа тең),
- 6,7 мың тонна қой етін (шамамен 372 мың басқа тең) экспорттады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге көп.
Мал шаруашылығын дамыту және экспортты тұрақты арттыру мақсатында келесі мемлекеттік қолдау тетіктері іске қосылды:
- Ірі қара және ұсақ малдың асыл тұқымды тұқымдарын сатып алуға жылдық 5% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие;
- Жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын, 50 млрд теңгелік айналым қаражатын қаржыландыру (көктемгі егіс бағдарламасына ұқсас шарттармен).
Сонымен қатар, ет экспорты көлемін жылына 50 мың тоннаға жеткізу үшін Қазақстанда Аустралияның озық тәжірибесіне негізделген жоба қолға алынды. Жобаның жалпы құны – 29,3 млрд теңге. Ол толық технологиялық өндіріс тізбегін қамтитын 14 инвестициялық жобаны іске қосуды көздейді.