Елімізде «Үздік педагог» байқауының жеңімпазына 4 миллион теңге сыйақы беріледі
- author AR-AY
- 9 шілде, 2025
- 134

Қазақстанда ұстаздар қауымына арналған ең беделді марапаттардың бірі — «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына 1000 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 3,9 миллион теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы табысталады.
Байқау білім беру саласындағы үздік мамандарды анықтауға, олардың еңбегін бағалауға және кәсіби шеберлігін насихаттауға бағытталған. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтер қатыса алады. Үміткердің кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі болуы тиіс.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – аудандық және қалалық деңгейде 8–25 шілде аралығында өтеді;
Екінші кезең – облыстық деңгейде 28 шілде мен 15 тамыз аралығында ұйымдастырылады;
Үшінші кезең – республикалық деңгейде 18 тамыздан 18 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Әр кезеңде үміткерлердің кәсіби жетістіктері мен білім беру саласына қосқан үлесі сарапқа салынады. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады.
Байқауға қатысу үшін өтінім беру, құжат тапсыру және бағалау рәсімдері uzdikustaz-nobd.edu.kz арнайы веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Айта кетейік, «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде байқауға жүздеген мұғалім қатысып, 700-ге жуық ұстаз үздік деп танылды. Байқау арқылы әр өңірдің озат педагогтері ел көлемінде мойындалып келеді.
Қосымша ақпаратпен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент: Түркі елдері ортақ мүдде жолында күш біріктіруі керек
- авторAR-AY
- 7 қазан, 2025
Қазақстандықтардың өмір жасы ТМД бойынша ең жоғары деңгейге жетті
- авторAR-AY
- 7 қазан, 2025