Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тағайындау

Тағайындау
Автор
Айжан Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена және эпидемиология», 2005 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» және 2008 жылы Almaty Management University-ін «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қалалық №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған.

Әр жылдары Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог-дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарған.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, дәрігері, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бөлім басшысы болып еңбек етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменттерінің директоры, сондай-ақ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер болды.

2024 жылғы шілде айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Басқарма төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар