Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Мерейлі отбасы»: қалалық кезеңнің жеңімпаздары анықталды

«Мерейлі отбасы»: қалалық кезеңнің жеңімпаздары анықталды
Автор
Жуырда «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының Тараз қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков іріктеу кезеңінен өткен Бектасовтар мен Ариповтар отбасын марапаттап, облыстық кезеңге жолдама берді. Сонымен қатар Жорабаевтар жанұясына ерекше құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, Бектасовтар жанұясы – теміржол саласындағы 3 буынды отбасы. Жұбайы Күмісхан Бектасов теміржол саласында 44 жыл еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» төс белгісіне ие болған. Ұлмекен Бектасова теміржол саласында 25 жыл қызмет атқарған. Бүгінгі күні зейнет жастағы ардақты ана. Отбасында 2 ұл, 3 қыз, 13 немере, 11 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Ал Ариповтар жанұясы – білім беру саласының 3 буынды отбасы. Василя Арипова білім беру саласында 41 жыл еңбек етіп, бүгінгі күні зейнетке шыққан ардақты ана. Отбасында 5 қыз, 1 ұл, 20 немере тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Ариповтар отбасында 6 баласы да ұстаздық жолды таңдап, білім беру саласында қызмет атқаруда.

Ал Жорабаевтар отбасы өз балаларымен қоса мүмкіндігі шектеулі бірнеше баланы асырап, ел қатарлы білім беріп, қоғамнан өзіндік орындарын табуына үлес қосып келеді.

– Алдағы уақытта Сіздер осы конкурстың облыстық кезеңінде өздеріңіздің отбасылық құндылықтарыңыздың арқасында жеңіске жетеді деген сенімдеміз.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұлы мен қызы» демекші, мақтан етер ұрпағымыз көп болсын. Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын! Осындай қуанышты күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін, – деп ақ тілегін айтты қала әкімі.

 

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар