
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің сезілу деңгейі келесі елді мекендерде байқалды: Құлан – 6 балл, Меркі – 5 балл, Шу – 3 балл, Сарыкемер – 3 балл, Төле би – 3 балл, Тараз – 3 балл, Аса – 2 балл, Мойынқұм – 2 балл, Қордай – 2 балл, Б. Момышұлы – 2 балл, Қаратау – 2 балл, Т. Рысқұлов – 2 балл.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен нысандардың бүлінуі туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Жағдай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің жеке бақылауында.
Аталған оқиға бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:
Төтенше жағдайлар министрлігі командалық орталығының байланыс нөмірі – 87172-55-96-21
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің байланыс нөмірі – 8-7262-51-41-67
Өңір тұрғындарын сабырлық сақтауға және тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жоғарғы Сот алимент өндіріп алуға қатысты қаулыға өзгеріс енгізді
- авторAR-AY
- Бүгін, 11:53