
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы қорытындыланды.
Департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Е.К.Сматовтың төрағалығымен өткен жедел кеңеске №26 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң сақтау, ҚАЖ жүйесін ізгілендіру мен мекеме аумағында заң бұзушылықтарға жол бермеуде оң динамика қалыптастыру жөнінде сөз болды. Сондай-ақ басқосуда мекеменің тыныс-тіршілігі мен жедел ахуал жағдайы пысықталып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерге жол бермеу, заңдылық пен тәртіпті сақтауға байланысты нақты тапсырмалар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды
- авторAR-AY
- 15 шілде, 2025