Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда жарақаттан қайтыс болу көрсеткіші төмендеді, бірақ жол апаттары артып отыр — ДСМ

Қазақстанда жарақаттан қайтыс болу көрсеткіші төмендеді, бірақ жол апаттары артып отыр — ДСМ
istockphoto.com
Қазақстанда соңғы бес жылда жарақаттан болатын өлімнің деңгейі 19%-ға төмендеді, деп хабарлайды arainfo.kz

2024 жылы Қазақстанда 2,5 миллионнан астам адам травматологиялық көмекке жүгінді. Стационарларда 240 мың науқас емделіп, 130 мыңнан астам операция жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы Олжас Бекарисов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, жарақаттан болатын өлім-жітім Ақмола, Қостанай, СҚО және Алматы қаласында 23-38%-ға азайған. Дегенмен, жол-көлік оқиғаларының күрт өсуі алаңдаушылық тудырып отыр: 2024 жылы 31 мыңнан астам ЖКО тіркеліп, 40 мыңнан астам адам зардап шекті, 2 452 адам қаза тапты.

Апаттардың жартысынан көбі Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарына тиесілі.

Жедел жәрдем қалаларда орта есеппен 8, ауылдарда 9 минутта жетеді. Зардап шеккендер 35 минут ішінде ауруханаға жеткізіліп, «алтын сағатта» көмек көрсетіледі.

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология орталығы 2024 жылы 11 мыңнан астам операция жасап, 20 жаңа әдіс енгізіп, 11 патент алған. Сонымен қатар, 42 ғылыми мақала жарияланып, өңірлерге 183 онлайн-консультация өткізілген.

Олжас Бекарисов жол-көлік жарақатын азайту үшін ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейтуді ұсынды.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар