Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды

Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылды
ДП ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛ.
Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Тараз қаласындағы бірнеше орта мектептің бітіруші түлектерінің оқу жылын аяқтауға арналған іс-шара аясында көлік кортежін ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кортеж кезінде түлектер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті сақтамай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. 

Көлік құралдарын басқару кезінде қозғалыс ережесін бұзу, автокөліктердің жолда жүру тәртібін сақтамауы, қоршаған ортаға қауіп төндіру жағдайлары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен, барлығы 19 әкімшілік хаттама толтырылды. 

«Біз мектеп бітіру кештерінен кейін мұндай жағдайлар орын алуы мүмкін екенін болжадық. Сондықтан автопатрульдер санын көбейтіп, бақылауды күшейттік. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты міндет және оны қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз», – деп атап өтті Тараз қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды, соның ішінде мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарын, мерекелік шараларды өткізуде қауіпсіздік пен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар