Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына көшу мәселесін талқылады

Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтанудың жаңа стандартына көшу мәселесін талқылады
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі оқу жылының басынан бастап еліміздің мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізуге дайындығын талқылады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, жаңа стандарт аясында тамақтануды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың нақты функциялары белгіленген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үш түрлі үлгілік мәзір әзірлеп, оларды өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына жолдады.

Жергілікті жерлерде ата-аналар, балалар мен педагогтер тарапынан негізделген ұсыныстар түскен жағдайда, мәзір ұсынылған үлгі негізінде немесе өзгерістер енгізіле отырып бекітілуі мүмкін.

Жаңа стандарттың мақсаты – семіздік, 2 типті қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары және өзге де созылмалы дерттердің алдын алу. Бұл үшін қант пен тұзды тұтыну азайтылады. Сонымен қатар оқушылардың күнделікті рационына көкөністер, жемістер, тұтас дәнді дақылдар, ақуызға бай тағамдар және сүт өнімдері көбірек қосылады.

Сарапшылардың мәліметінше, стандарт талаптарын қатаң ұстану балалардың семіздігін 10-15%- эға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Қазақ тағамтану академиясы, Ұлттық салауатты тамақтану орталығы, ЮНИСЕФ, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы және Санэпидбақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының мамандарының қатысуымен оқыту іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар