Жамбыл облысында электр энергетикасы саласында ірі жаңғырту жобалары жүзеге асуда
- author AR-AY
- 13 маусым, 2025
- 133

Бұдан бөлек кәсіпорынның негізгі жабдықтарын жөндеу жөніндегі ағымдағы жылға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында 188,7 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Таразэнергоорталық» АҚ 2025 жылға арналған негізгі жабдықтарды жөндеу кестесін әзірленіп бекітілді.
Жергілікті атқарушы органның (ЖАО) резерві есебінен (күтпеген шығындарға) 360,0 млн теңге бөлінді, бұл қаражат Т-1 110/35/6 кВ ОРУ күштік трансформаторы алынып іске қосылды.
Ұқсас техникалық және моральдық тұрғыдан ескірген Т-2 110/35/6 кВ ОРУ күштік трансформаторын істен шығу қаупінің алдын алу мақсатында қазіргі уақытта кәсіпорын қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеуде. Бұл жобаны қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Жылу энергиясын өндіру және жеткізу қызметтері бойынша инвестициялық бағдарлама – 105,3 млн теңге, оның ішінде №2 аккумуляторлық бактың түбін және АҚ-4 декарбонизаторын бөлшектеу және монтаждау жұмыстары. Негізгі құралдардың құнын арттырмайтын жөндеу жұмыстары – 83,4 млн теңге.
Қанатбек Мәдібек,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Таразда 400 орындық көпбейінді аурухана салынады
Ұқсас жаңалықтар
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025
Жаңа жылдық безендірусіз кеткен 8,4 млн теңге: әкім ескерту алды
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025